Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне күш қолданғандар үшін жазаны қатаңдату жөніндегі ұсынысты қолдады. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Мемлекет басшысы дәрігерлерге шабуыл жасап, күш көрсеткен және қатігездік танытқан әрекеттер үшін жазаны күшейтуді көздейтін ұлттық заңнамаға түзетулер енгізу туралы депутаттардың, денсаулық сақтау саласы мамандары мен белсенді азаматтардың бастамасын құптайды. Мұндай әрекеттер дәрігерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіндіктен, оларға заң аясында қатаң тосқауыл қойылуы қажет. Бұл – 'Заң және тәртіп' қағидасына сай болуы тиіс. Президент үкіметке тиісті заңнамалық өзгерістерді әзірлеуді тапсырды. Жобалар парламент қабырғасында азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен қаралатын болады, – деп жазды Руслан Желдібай өзінің Telegram парақшасында.