| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жаңа жыл қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің бір топ қызметкеріне баспана кілтін табыстады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысы олардың ел тыныштығын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және заң мен әділдік қағидатын орнықтыру жолындағы еңбегін жоғары бағалады.
- Сіздер ел тыныштығын қырағы қорғап, тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосып жүрсіздер. Жұмыстарыңыз – оңай емес, күрделі. Соған қарамастан кәсіби білікті, жауапкершілігі жоғары маман ретінде елімізге адал қызмет етіп жатсыздар. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Мінсіз қызмет қашанда жоғары бағалануға тиіс. Мемлекет өздеріңіз сияқты адал азаматтарды әрдайым қолдайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл шара мемлекеттік қызметкерлерге көрсетілген қолдаудың символдық көрінісі болып, олардың еңбегін бағалаудың көрінісі болып отыр.
