Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министріне бірқатар тапсырма берді
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министріне бірқатар тапсырма берді

05.07.2022
1 мин
0
1219

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хаарлады.

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысына Қорғаныс министрлігінің биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындысы жөнінде есеп берілді.

Руслан Жақсылықов Қасым-Жомарт Тоқаевқа армия бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі жөнінде баяндады. Қазіргі уақытта негізгі күш-жігер басқару органдары мен жеке құрамды дағдарыс жағдайы кезінде тиімді әрекет етуге, орталық және жергілікті билік органдарымен арадағы іс-қимылдарды үйлестіруге оқыту мәселесіне бағытталған.

Президентке жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі, соның ішінде бірқатар ауқымды оқу-жаттығу жиынына қатысты екінші жартыжылдыққа жоспарланған шаралар туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар еліміздің сарбаздары халықаралық әскери ойындарға қатысады.

Қорғаныс министрі Арнаулы операцияларға қатысатын күштерді дамыту, оқ-дәрілердің қауіпсіз сақталуын қамтамасыз ету, отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің әлеуетін пайдалана отырып, армияны заманауи қару-жарақпен және әскери техника түрлерімен жабдықтау, әскери инфрақұрылымды жетілдіру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берді. Сондай-ақ кездесуде сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әскери қызметшілер арасында әлімжеттік әрекеттерді болдырмау мәселесіне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында Президент Қарулы Күштерді кешенді әрі жүйелі түрде жетілдіруді қамтамасыз ету және олардың жауынгерлік дайындығын жоғары деңгейде ұстап тұру қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы еліміздің қорғаныс қабілетін одан ары арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл