Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қайрат Сатыбалды шетелге шығарған 44,6 млрд теңге елге қайтарылды
Жаңалықтар

Қайрат Сатыбалды шетелге шығарған 44,6 млрд теңге елге қайтарылды

08.02.2024
1 мин
0
815
Фото: total.kz

Антикор Төрағасы Асхат Жұмағали Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмаларын іске асыру бойынша құрылымдық және аумақтық департамент басшыларымен жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу аясында мемлекетке 2024 жылдың басынан бастап қосымша 44,6 млрд теңге қайтарылды.

Қазір қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Агенттік Қаржы министрлігімен және Ұлттық Банкпен бірлесіп осы құралдарды енгізуді жалғастырады.

Қазіргі уақытта «ақшаны бояуды» пилоттық енгізу үшін автожолдар салу, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу, сондай-ақ Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қаражатын пайдалану салалары айқындалған. Антикор басшысының айтуынша, Президент тапсырмасына сәйкес, бұл процесс нысандардың құрылыс саласына да беріледі. 

«Бюджеттен бөлінген қаржы түпкі мақсатына жетуі керек. Біздің сүйемелдеуіміздегі құрылыстары ұзаққа созылған нысандардың уақытылы берілмей, сапасыз салынуы көбіне ақшаны жымқыру немесе шенеуніктерге одан әрі кері қайтару салдарымен байланысты екенін бәріміз білеміз.

Цифрлық теңге құрал ретінде «ақшаны бояу» институтын іске асыруға септігін тигізеді. Цифрлық теңгенің алгоритмдері болғандықтан, өзінің іздері бар. Мысалы, қаражат жалақыға бөлінсе, басқа бағытқа кетпей, еңбекақы, тауарлар мен қызметтерді сатып алу және салық төлеу бойынша игеріледі.Бөлінген қаржы қозғалысының рәсімдері ашық болып, барлық аударым өз мақсатына жетіп, әр теңге көзделген мақсатына жұмсалуы тиіс», - деді Жұмағали.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл