Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қайтарылған активтер: 5,5 млрд теңге БҚО-дағы ауылдарды сумен жабдықтауға жұмсалады
Жаңалықтар

Қайтарылған активтер: 5,5 млрд теңге БҚО-дағы ауылдарды сумен жабдықтауға жұмсалады

03.09.2025
мин
0
273
Сурет: ашық дерек көзінен

Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Арнаулы мемлекеттік қордан Батыс Қазақстан облысында сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау бойынша 11 жобаны жүзеге асыруға 5,5 млрд теңге бөлінді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

4,3 млрд теңге көлеміндегі қаржыландырудың негізгі сомасы 9 нысанға бөлінетін болады. 
1,8 млрд теңге 1,7 мыңнан астам тұрғыны бар Қаратөбе ауданының Төлен, Сәуле және Қарақамыс елді мекендеріне жаңа тармақ салу арқылы сумен жабдықтаудың магистралды жүйелерін салуға,

2,5 млрд теңге Теректі, Қаратөбе аудандарының 8 ауылында, сондай-ақ Бәйтерек ауданында сумен жабдықтау желілерін салуға бағытталды.

Сондай-ақ бұрын Бәйтерек ауданы Кирсанов ауылының тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге және Жәнібек ауданындағы Урдин топтық су құбырын қайта жаңартуға 1,2 млрд теңге бағытталады. Бүгінгі таңда жұмыс 60% орындалды.

Аталған жұмыс Мемлекет басшысының халықты сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректері бойынша Батыс Қазақстан облысындағы ағымдағы қолжетімділік деңгейі қалаларда 100%-ды, ал ауылдық елді мекендерде 97%-ды құрайды.

Бүгінгі таңда Арнаулы мемлекеттік қордан 400-ден астам әлеуметтік маңызы бар жобаны салуға 375 млрд теңге бағытталды. Мектептер, ауруханалар, спорт кешендері, сумен жабдықтау нысандары және басқа да нысандар салынуда. Қазірдің өзінде 44 нысан аяқталып, ел игілігіне берілді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл