Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қайтарылған активтер: Ақмола облысында 12 млрд теңгеге спорт кешені салынды
Үкімет

Қайтарылған активтер: Ақмола облысында 12 млрд теңгеге спорт кешені салынды

15.12.2025
мин
0
149
Сурет: Primeminister.kz


Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен 12 млрд теңгеге Kokshe Arena көпфункционалды спорт кешені салынды. Нысан Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен тұрғызылды. Бұл мақсатқа Үкімет 12,6 млрд теңге бөлді, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Ғимараттың сыйымдылығы шамамен 1 мың адамды құрайды. Кешенде заманауи мультимедиялық жүйелері бар 650 орындық көрермен залы, өрмелеу алаңы мен өрт-қолданбалы спорт түрлеріне арналған мұнарасы бар әмбебап спорт залы қарастырылған. Бокс, күрес, ауыр атлетика және кроссфит залдары сертификатталған олимпиадалық стандарттағы құралдармен жабдықталған. Халықтың мобильділігі төмен топтары үшін де барлық жағдай жасалған.

Іргелес аумақта жеңіл атлетика аймағы, ойын спорт түрлері мен лақтыру пәндеріне арналған алаңдар, сондай-ақ демалыс аймақтары жабдықталған.

Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов, туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, қаржы министрі Мәди Такиев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты. Іс-шараның құрметті қонақтары World Boxing халықаралық федерациясының президенті Геннадий Головкин, UFC аясында өнер көрсететін аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов болды.

Kokshe Arena – қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған аймақтағы екінші спорттық инфрақұрылым нысаны. Бұған дейін облыста Зеренді аулында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ашылған болатын.

Ақмола облысында Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатына барлығы 42 әлеуметтік нысан, оның ішінде 14 денсаулық сақтау мекемесі, 26 сумен жабдықтау нысаны және 2 спорт мекемесінің құрылысы жоспарланған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл