Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қайтарылған активтер есебінен салынған алғашқы әлеуметтік нысан пайдалануға берілді
Жаңалықтар

Қайтарылған активтер есебінен салынған алғашқы әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

11.06.2025
1 мин
0
165
Сурет: ашық дереккөз

2025 жылғы 10 маусымда Ақмола облысы Аршалы ауданы Арнасай ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев, облыс әкімі Марат Ахметжанов, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңа дәрігерлік амбулатория - мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен қаржыландырылған және Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту ұлттық жобасы аясында салынған алғашқы әлеуметтік нысан болып отыр.

Қатысушылар ауыл тұрғындарын құттықтап, бұл медициналық мекеменің шалғайдағы елді мекендер үшін қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсетудегі маңыздылығын атап өтті.

Бұған дейін ауыл тұрғындары медициналық көмек алу үшін облыс орталығына немесе алыс ауылдарға баруға мәжбүр болған. Бұл, әсіресе, қарттар мен балалар бар отбасылар үшін үлкен қиындық тудырды.

Жаңа амбулатория бір ауысымда 45 адамды қабылдауға есептелген және Арнасай мен оған жақын ауылдарда тұратын екі мыңнан астам тұрғынды қажетті медициналық қызметпен қамтиды.

450 шаршы метрлік ғимарат толықтай заманауи жабдықтармен - ЭКГ аппараттарымен, дефибриллятормен, физиотерапия және оңалту құрылғыларымен жабдықталған. Бұл ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмекті сапалы түрде алуға мүмкіндік береді.

Бүгінде қайтарылған активтер есебінен еліміз бойынша 333 әлеуметтік және коммуналдық нысанның құрылысы қаржыландырылуда. Соның ішінде Ақмола облысында білім беру, денсаулық сақтау, спорт және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту салалары бойынша 33 нысанның құрылысы жүріп жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл