Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қайтарылған активтер: Жамбыл облысының ауылдарын сумен қамтамасыз етуге 15 млрд теңге бөлінді
Жаңалықтар

Қайтарылған активтер: Жамбыл облысының ауылдарын сумен қамтамасыз етуге 15 млрд теңге бөлінді

11.12.2025
мин
0
135
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Жамбыл облысының ауылдарын сумен жабдықтауға қайтарылған активтер қаражаты есебінен 15 млрд теңге бөлінді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Жамбыл облысында сумен жабдықтаудың 12 жобасын жүзеге асыру Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Үкімет бұл мақсаттарға 15,4 млрд теңге бөлді. Бүгінгі таңда 4 нысан пайдалануға берілді, қалған 8 нысандағы құрылыс жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.  Мәселен, қазірдің өзінде төрт елді мекеннің тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, Жамбыл ауданында Қызылшарық, Жаңаөткел және Жұма ауылдарында жұмыстар аяқталды. 300-ден астам адам тұратын Талас ауданы Қараой ауылында су құбыры іске қосылды. Бұрын ол жерде орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған.

Жобаның жалпы құны 933,4 млн теңгені құрады, оның 106,7 млн теңгесі тікелей Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді.  Осы жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланған 8 нысанда жұмыс жалғасуда. Бұл облыстың шалғай аудандарындағы жобалар. Мәселен, Мойынқұм ауданында Шығанақ, Мыңарал және Құмөзек стансаларында, сондай-ақ Мойынқұм, Биназар және Бірлік ауылдарында желілер реконструкциялануда. Сарысу ауданында су құбырын реконструкциялау Жайылма және Маятас ауылдарын қамтиды, ал Қордай ауданында Қарасай батыр ауылында желілер құрылысы жүріп жатыр. Өңірде сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу жүйелі негізде жүргізілуде.

Президент тапсырмасына сәйкес облыста халықты 100% ауыз сумен қамту міндеті жүзеге асырылуда. 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңір қалаларында қамтамасыз ету — 98%-ды, ауылдық елді мекендерде – 99,3%-ды құрайды. Жамбыл облысында барлығы 23 сумен жабдықтау жобасы жүзеге асырылуда, оның 13-і пайдалануға берілді.  Осыған ұқсас жұмыс барлық Қазақстан бойынша жүргізілуде. Еліміздің елді мекендерін толық қамту үшін биыл республикалық бюджеттен 257 жобаны жүзеге асыруға 105,7 млрд теңге бөлінді. Сумен жабдықтау саласындағы тағы 229 жобаны жүзеге асыруға Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен қосымша 135,8 млрд теңге бөлінді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл