Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қайтарымсыз грантты мақсатсыз жұмсаған 23 шымкенттік жауапқа тартылды
Жаңалықтар

Қайтарымсыз грантты мақсатсыз жұмсаған 23 шымкенттік жауапқа тартылды

03.08.2022
1 мин
0
2702

Шымкентте қайтарымсыз грант алған 23 азамат қаржыны мақсатсыз жұмсаған.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекованың айтуынша, барлық 23 азамат жауапкершілікке тартылып, берілген грант қаржысы толығымен мемлекетке қайтарылды.

Сондай-ақ Б.Нарбекованың мәліметінше, Шымкентте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қызметкерлерінің атын жамылып алаяқтық жолмен ақша табатын азаматтар көбейген. Осы ретте, қайтарымсыз мемлекеттік грант алып беру, «Бизнес бастау» кәсіпкерлік негіздерінде оқытатын курстарға ақылы түрде азаматтарды тіркеу фактілері де жиілеген.

«Алаяқтар өздерін мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде таныстырған. Нәтижесінде бірқатар қала тұрғыны алданып, жұмыспен қамту және әлеуметтік басқармасына, аудандық ішкі істер бөлімшелеріне арыздарын жазуда. Бұл ретте, қала тұрғындарын мұндай іс-әрекеттерге бармауға, алаяқтарға алданбауға шақырамыз», - деді Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл