| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚМДБ қайтыс болған адамдарды deepfake арқылы көрсету немесе жалған ақпарат тарату шариғатқа сәйкес келмейтінін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ислам діні ғылым мен технологияның дамуына қарсы емес. Алайда, кез келген жаңалық пен технология адам игілігіне, әділетке және моральдық принциптерге сай жүзеге асуы керек.
- Дипфейк технологиясы арқылы адамның шын мәнінде айтпаған сөздерін айтқандай немесе істемеген іс-әрекеттерін істегендей етіп жалған ақпарат таратуға, адамдарды алдауға шариғатта тыйым салынады, - делінген ҚМБД хабарламасында.
Осы себепті ҚМДБ қайтыс болған адамды “тірілтуге” бағытталған кез келген әрекетке қарсы екенін ескертті.