Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Qazaq Air әуе компаниясы алдағы уақытта VietJet Kazakhstan атауымен жұмыс істейді. Бұл туралы елордада өткен Қазақстан мен Вьетнам арасындағы іскерлік дөңгелек үстелде “Самұрық-Қазына” АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұған дейін, 2023 жылы Qazaq Air-дің вьетнамдық VietJet Air компаниясына сатылатыны белгілі болған еді.
Жақыповтың айтуынша, келісім Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жүзеге асқан. Сатып алушы ретінде SOVICO Group таңдалған.
- Келісімнің барлық шарттары орындалып, төлем қабылданды, акциялар инвестордың жеке шотына берілді. Бұл стратегиялық серіктестік тек әуе тасымалы саласына оң әсер етіп қана қоймай, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, өңірлік байланыстардың дамуына жол ашады. SOVICO Group пен VietJet Air-дің Qazaq Air-ді жаңадан құрылатын VietJet Kazakhstan бренді аясында басқаруға және оның операциялық қызметіне белсенді араласуға ниет білдіруін жоғары бағалаймыз. Өңірлік бағыттардың кеңеюі көлік байланыстарын арттырып, жаңа экономикалық даму нүктелерін қалыптастырады. Бұл бізді бұрынғыдан да жақындата түседі, – деді Нұрлан Жақыпов.