Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жазғы кезеңде әуе тасымалына сұраныстың артуына байланысты QAZAQ AIR (VIETJET QAZAQSTAN) бірқатар танымал бағыттар бойынша қосымша рейстердің ашылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
8 шілдеден 31 тамызға дейін келесі бағыттарда қосымша рейстер қолжетімді болады:
• Астана – Омбы – Астана (қосымша 3 жиілік, билеттер бағасы 31 000 теңгеден басталады)
• Астана – Түркістан – Астана (сейсенбі күндері, билеттер бағасы 16 000 теңгеден)
• Астана – Шымкент – Астана (күн сайын, билеттер бағасы 20 000 теңгеден)
• Шымкент – Жезқазған – Шымкент (бейсенбі және жексенбі күндері, билеттер бағасы 16 000 теңгеден)
Қосымша рейстер жазғы маусымдағы жолаушылар ағынының маусымдық өсуін, демалыс кезеңін, мектеп каникулдарын және іскерлік сапарларды ескере отырып жоспарланған.
- Жазғы ұшу бағдарламасын кеңейту — Қазақстан өңірлері арасындағы әуе қатынасының қолжетімділігін арттыруға бағытталған, — деп атап өтті әуе компаниясында.