Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақ әжелері Еуропа сән сахнасын бағындырады
Жаңалықтар

Қазақ әжелері Еуропа сән сахнасын бағындырады

24.09.2025
1 мин
0
288
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Еуропаның ең беделді сән сахналарының бірінде "Әлемді таңғалдырған әжелер" атты ерекше мәдени жоба көрсетіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Аталмыш жоба қатысушыларының жасы – 60 пен 74 аралығында. Олар еліміздің әртүрлі өңірлерінен кастинг арқылы іріктелген. Еуропаның сән сахнасын бағындыруға 20 қатысушы аттанады. Көрсетілімдерде олар ұлттық нақыштағы "Ақ маржан" топтамасын ұсынбақ.

Жобаның авторы – Раушан Әнуарбекова, танымал сәнгер, Еуразия Дизайнерлер Одағының мүшесі, Ұлттық Дизайнерлер Академиясының академигі. Ол қазақтың ұлттық дәстүрінен шабыттанған заманауи топтамаларымен танымал және бұған дейін өз жұмыстарын Milan Fashion Week, Paris Fashion Week, Aspara Fashion Week сахналарында көрсеткен.

"Әлемді таңқалдырған қазақ әжелері" жобасы Еуропа сән апталығына төртінші мәрте қатыспақ. Биылғы іс-шара Халықаралық қарттар күніне және Қазақстанда дәстүрлі түрде аталып өтетін Қарттар айына арналады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл