| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бахрейнде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық Еркен Бекәлі мен Фатима Сұпығалиева алтын жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Еркен Бекәлі финалда ауған спортшысы Башир Кадириді айқын басымдықпен жеңді.
Ал 52 келіге дейінгі салмақта белдескен Фатима Сұпығалиева қырғызстандық Милена Боруболотовадан иппон әдісімен басым түсіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Бұл жетістік жас спортшылардың Азия деңгейіндегі алғашқы үлкен табыстарының бірі болды.