Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан азаматы Әділхан Қопабаев Apple компаниясында басшылық қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әділхан Қопабаев Дубайдағы кеңсесінен Орталық Азия мен Армения аймағына жауапты болады.
Apple-ге келмес бұрын, Әділхан халықаралық консалтинг және IT саласында тәжірибе жинаған. 2023 жылдан бері Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы "Мұнай-газ" ақпараттық-талдау орталығының басшысы және Қазақстанның Отын-энергетика кешенінің Ситуациялық талдау орталығының жетекшісі қызметін атқарды.
Әділхан 2017 жылы Оңтүстік Кореядағы Ульсан ұлттық ғылым және технология институтын (UNIST) қалалық инженерия және технологиялар менеджменті мамандығы бойынша аяқтап, беделді UNIST Global Uni-Star стипендиясын алған.