Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Қазақстан барысы – 2023» жүлдесінің жалпы қоры 40 млн теңге болды
Жаңалықтар

«Қазақстан барысы – 2023» жүлдесінің жалпы қоры 40 млн теңге болды

03.07.2023
2 мин
0
832
Фото: gov.kz

Астанада қазақ күресінен өткен «Қазақстан барысы – 2023» ХІІ республикалық турнирі аяқталды. Балуандар белдесуінің чемпионы Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Орталық спорт клубының мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері Ғалымжан Қырықбай болды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Биыл турнирге 41 балуан, оның ішінде әр өңірден екі спортшыдан, сондай-ақ күштік құрылымдары арасындағы «Әскер барысы» турнирінің жеңімпаздары қатысты.

Биылғы «Қазақстан барысына» қатысушылар қатарында Руслан Әбдіразақов, Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай сияқты танымал балуандар болды. Жыл сайынғы турнирдің биылғы жеңімпазы армия спортшысы Ғалымжан Қырықбай бұған дейін екі рет дүбірлі доданың жүлдегері болған.

Турнирдің чемпионы Ғалымжан Қырықбай 25 млн теңгеге иелік етті. Турнирдің жалпы жүлде қоры 40 млн теңгені құрады. Ал 2 орын иегері Нұрдәулет Жарылғаповқа күміс медаль бұйырды. 3 орынға тұрақтаған Мұхтар Дәлелханұлы қола медаль иегері атанды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл