Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Қазақстан барысына» бөлінген 1 млрд теңге қайда жұмсалды?
Жаңалықтар

«Қазақстан барысына» бөлінген 1 млрд теңге қайда жұмсалды?

21.06.2023
1 мин
0
588

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында «Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексеруде. Бұл туралы агенттік мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Хабарламада айтылғандай, басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұл мәлімдеге қатысты жоба авторы Арман Шораев пікір білдіріп, өзіне қатысты қысым басталғанын мәлімдеді. 

«Мен жүзеге асырған «Қазақстан Барысы» жобасын да тілге тиек етіпсіңдер, айналайындар, идея менікі болғанымен, бұл жоба қазір халықтың қазынасына айналған. Аталарыңның асы мен наурызда ғана естеріңе түсетін қазақ күресін, түйе балуандарды елге танытып, сондай жоба жасасаңдар, сендерге кім “қой” деді?! Мені қаралап, жемқор қылып, халықтың алдында қарабет қылуды көздеген екенсіңдер, ақ жол! Бір қуанатыны - қазір халық өзгерген, көзі ашық, билік не айтса соған құлдық ұрмайтын қоғам қалыптасып келе жатыр! Сол үшін де сендердің сапарларың қысқа!» – деп жазды ол желідегі парақшасында. 

Айта кетейік, «Қазақстан барысы» турнирі 2011 жылдан бері өткізіледі. Сайыста Жамбыл облысының тумасы Бейбіт Ыстыбаев 2012, 2015 және 2016 жылдары үш рет жеңіске жеткен. Сондай-ақ Шығыс Қазақстандық балуан Айбек Нұғымаров екі рет чемпион атанды. 2022 жылы «Қазақстан барысы» атағын Мақсат Исағабылов жеңді. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл