Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан байланыс операторлары нашар интернет үшін қыруар қаржы төледі
Жаңалықтар

Қазақстан байланыс операторлары нашар интернет үшін қыруар қаржы төледі

26.10.2022
1 мин
0
885

Қазақстандық байланыс операторлары нашар интернет үшін шамамен 271 миллион теңге төледі. Бұл туралы мәжіліс отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі айтты. 


"Интернеттің сапасына қатысты біздің министрлік байланыс операторларының жауапкершілігін күшейту жұмысын жүргізіп жатыр. Мендегі бар ақпарат бойынша шамамен 271 миллион теңге айыппұл төленді. Заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар байланыс сапасының параметрлері бекітілді. Интернет сапасына қатысты мәселе туындаса "Е-өтініш" жүйесі арқылы біздің министрліктің байланыс комитетіне жүгінуге болады. Содан соң біздің маман тексереді. Егер интернеттің сапасыздығы расталса, онда тиісті айыппұл салынады. Бүгінгі таңда операторлармен осындай жұмыс жүргізілуде", - деді Әсет Тұрысов.


Вице-министрдің айтуынша, байланыс операторларының жұмысына қатысты қатаң шаралар қабылданды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл