Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс дамушы елдерді ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеуге қатысты Халықаралық еңбек ұйымының №131 конвенциясын ратификациялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Құжаттың негізгі артықшылықтары:
• Қазақстандағы ең төменгі жалақыны айқындау тәсілдері халықаралық деңгейде бекітіледі;
• елдің Халықаралық еңбек ұйымына мүшелігі аясындағы міндеттемелерге адалдығы расталады.
Конвенцияда мынадай қағидаттар көзделген:
• ең төменгі жалақы жүйесін енгізу;
• әлеуметтік әріптестік тараптарының жалақыны белгілеу және қайта қарауға қатысуы;
• экономикалық факторлар мен жұмысшылардың қажеттіліктерін ескеру;
• еңбекақы саласындағы кемсітушілікке жол бермеу.
Қазақстан 1993 жылдан бері Халықаралық еңбек ұйымының толыққанды мүшесі саналады. Бұған дейін ел еңбек жағдайлары, еңбекті қорғау және әлеуметтік диалог мәселелерін қамтитын 28 конвенцияныратификациялаған.
Айта кетейік, қазіргі таңда №131 конвенцияны әлемнің 54 елі қабылдаған. Олардың қатарында ТМД елдерінен Армения мен Әзірбайжан бар.