Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Қазақстан халқына» қоры науқас балаларға көмектесуді бастады
Жаңалықтар

«Қазақстан халқына» қоры науқас балаларға көмектесуді бастады

25.02.2022
1 мин
38
4129

 «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры алғашқы қайырымдылық жобаларын іске асыра бастады. Сарапшылық комитетінің шешімімен қор «Тұсаукесер» атты реабилитолог-нұсқаушыларды оқыту жобасын және әлемдегі ең қымбат Zolgensma дәрісін сатып алу бойынша жобаны қаржыландырады.

«Тұсаукесер» жобасы Қазақстан өңірлеріндегі дене шынықтыру-сауықтыру клубтарын қолдауға бағытталған, онда ментальді және дене кемістігі бар балалар білікті мамандардың бақылауымен арнайы әдістеме бойынша спортпен шұғылдана алады.

Жоба еліміздің төрт өңірінде нұсқаушы-реабилитологтарды оқытуды көздейді.

Қор жол шығындарын, тұруды, мамандарды оқытуды қаржыландырады.

Нұсқаушылардың кейінгі еңбегіне ақы төлеуді балалардың ата-аналарымен байланыс жасайтын және балалардың дамуындағы тиісті дамуды қадағалайтын оңалту жөніндегі маманның тиісті бақылауынан кейін жүзеге асырады.

Жобаны іске асыруға 45,35 млн теңге жұмсалады. Жобаны қордың сарапшы комитеті (құрамында: С.Ж. Сәпиев – Комитет төрағасы, Олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері; Б.К. Байжанов - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары, Г.Т. Манюрова. - Комитет хатшысы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері; В.А. Левит - боксшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері; Д.Р. Садуакасова - әйелдер арасындағы шахматтан халықаралық гроссмейстер, әлем чемпионы) қарап, қолдау тапты.

Пилоттық өңірлер ретінде Атырау, Семей, Алматы және Шымкент қалалары таңдалды.

Аймақтарда 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Садық Байымбетов негізін қалаған «Жас жауынгер» дене шынықтыру-сауықтыру клубының тәжірибесі қолданылады.

Елордалық клуб ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту (церебралды сал ауруы, Даун синдромы, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы), оларды жекпе-жек түрлері бойынша спорт арқылы қоғамдық өмірге тарту (инклюзия).

Құрылатын орталықтарда аталмыш клубтың әдістемесі қолданылады.

Бүгінде клубта бейімделген спорт түрлерімен (бокс, армреслинг, каратэ, ауыр атлетика және жекпе-жек) 50-ден астам бала айналысады.

Клубта оңалту және жаттығу әдістерін қолдану арқылы ұзақ уақыт жүре алмаған 11 баланың алғашқы қадамдарын жасауға мүмкіндік берді.

Жақында қордың Басқарма төрағасы Болат Жәмішевтің қатысуымен клубтың қатысушылары – жеті жасар Эрвин Куренко мен Аян Бақтыбайдың тұсауы кесіліп, «тұсаукесер» ұлттық рәсімі жүргізілді.

«Қазақстан халқына» қорының тұңғыш «Тұсаукесер» жобасы ерекше балаларға алғашқы қадам жасап, аяғынан тұрғызуға көмек береді деп санаймыз.

Сондай-ақ, қор сирек кездесетін (орфандық) өмірге қауіп төндіретін және созылмалы аурулары бар балаларға атаулы көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша соңғы бес жылда орфандық аурулары бар науқастар санының 49%–ға, оның ішінде балалардың – 11%-ға өсуі байқалады (2021 жылдың соңында - 13426 бала).

2020 жылы дәрілік заттармен қамтамасыз етудің 23%, 2021 жылы – 26,8% орфандық аурулары бар пациенттерге тиесілі.

Орфандық ауруларды емдеудегі дәрі-дәрмектердің құны жоғары, сонымен қатар бірқатар дәрі-дәрмек тіркелмеген.

Сонымен қатар, орфандық ауруларды емдеудің заманауи әдістері оларды нәресте кезінен қолданғанда жоғары тиімділікті көрсетеді.

Емдеуді уақтылы бастау балаларды мүмкіндігінше оңалтуға мүмкіндік береді.

Жобаны қордың Сарапшылық комитеті қарап, мақұлдады (құрамында: Байғалиева Б. – «ҚР орфандық аурулары бар пациенттерге көмек көрсететін пациенттер Қауымдастығы» ЗТБ төрайымы, Сарапшылық комитетінің төрайымы, Таукелова С. – «Қоғамдық мониторинг және бақылау» РҚБ төрайымы, Алиева Э. – «Help Today» ҚҚ төрайымы, Боранбаева Р. - «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрайымы, ҚР ДСМ штаттан тыс бас педиатры, «С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. д., Саин А. – «ДОМ» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің мүшесі, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл).

Осылайша, қор 9,7 млрд теңге сомасына 24 бала мен екі ересекті жұлын бұлшықетінің атрофиясы, Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы ауруларымен дәрілік қамтамасыз ету бойынша жобаны қаржыландырады.

Соның ішінде Қазақстанда тіркелмеген Онасемноген абепарвовек (Zolgensma) қымбат дәрілік препаратын жұлын бұлшық ет атрофиясы бар пациенттерге арналған төрт бала үшін сатып алынады.

Сарапшылық комитеті орфандық аурулармен ауыратын науқастарды емдеу үшін дәрілік заттарды сатып алуға Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы сараптамалық-кеңесші кеңестің өзекті (мерзімі өтпеген) қорытындысы болған жағдайда ғана қорға ұсынымдар береді.

Қажетті құжаттардың болмауына байланысты өтінімдердің бір бөлігі қабылданбады, алайда алдағы уақытта бұл өтінімдер қарастырылуы мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
38 Пікір
Н
Назира Актау каласы 10.03.2022
Саламатсызба!Мен озим биринши топтагы мугедекпин еки буйрегим солып калды казирги танда аппаратные комегимен диализде журген келиншекпин апасына уш Рет барасын апаратка катты киын Жане де еки бопем бар тортик Жане уште озим квартирада турмасын Маган Сол буйрек жагынан комектессентздер туркияга барып емделуге каражат жетпетди ол жакка емделуге 25млн керек бирак менин жагдаиы жетпетди Сол жагынан комек берсениздер
Жауап беру
Д
Динара 03.03.2022
Сәлеметсіз бе менің Диагнозым ревматоидным полиартрит серопозитивны жасым 39да менің үйім жоқ уақытша тұрып жатқан времянкам бар еді ол времянкада условия жоқ сіздерде қандай көмек бар? менің тағыда Диагнозым бар асқазан сосын хронической сосын сахарный диабет осындай ауруларымен бар маған көмек боладыма?
Жауап беру
Ж
Жулдыз 02.03.2022
Мен ұлым диагнозы касалапость бул балага кандай комек бар
Жауап беру
Ж
Жулдыз 02.03.2022
Мен ұлым диагнозы касалапость бул балага кандай комек бар
Жауап беру
Г
Гульзия 28.02.2022
Менің екі балам мүгедек,емге апару керек,"Ақниет қордың көмегімен шет елге ем алдық жақсы нәтижесі болды,енді апаруға құс аражат керек,
Жауап беру
Д
Диля 28.02.2022
Мен ерекше баланың анасымын Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең де жалдамалы пәтерде тұрамыз уйіміз жоқ . Тапқан ақшамыз бір айға жетпейде . Баламның дәрі дәрмені бар памперсі бар , квартира төлейміз, комуналка тағыда бар . Екі қызым мектепте оқиды. Уй алуғада баламда басқа елге апарып емдетугеде жағдайымыз жоқ не істерге болады айтыңыздаршы. Сонда Дцп мен ауыратын балдарға көмек көрсетілмейдіма.
Жауап беру
А
Айгерим 27.02.2022
Аутизм мен ауыратын балаларға да көмек корсетсениздер екен
Жауап беру
Б
Баян 27.02.2022
Меным немерем аутизмнің ауыр турымен ауырады өте қиын жағдаида қызымнің жуикесы төзды өздеры бір бөлмелі Пәтер жалдап турады
Жауап беру
А
Алашова Асылзат Куралбековна 27.02.2022
Менің 215.0
Жауап беру
Г
Гулмира 27.02.2022
Барша ата-аналарға сабыр берсін. Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған.2006 жылы туылған ұлым жүрегінде ақауы бар. 9 жастап бастап эпилепсия догнозы қойылды.15 жасқа келдік. 2 диогнозбен жүрміз. Біз осы жерге жазып отырмыз. Көмек сұрап жазып отырмыз.Бізді оқитын адамдар бар ма? Ауру балаларға бөлінсе бөлмей жармай бәріне көмек қолын беру керек шығар.
Жауап беру
С
Саркенова Тоғжан 26.02.2022
Менің немерем сахрныи диабетпен ауырады өзі төрт жаста учётқа тіркеген яғни мен көмек ала аламба
Жауап беру
М
Мен Иркитбаева Майнұр 26.02.2022
Ұлым ДЦП мен ауырады
Жауап беру
М
Мабетова Гулчехра 87055876660 26.02.2022
Менің қызым қоян жырық деген диагноз бен туылды, астана қаласында төрт рет ота жасаттық, нәтижесі онша жақсы емес, Өзбекстан Республикасында жекеменшік клиникада ақылы түрде өте керемет етіп жасайды екен, соған апаруға қаржылық жағдайымыз жетпей жатыр, көмектесіп жіберсеңіз дер жақсы болар еді. Қызым өзінен ұялып сабаққа бармаймын деп жылайды қатты жаныма батады.
Жауап беру
М
Мабетова Гулчехра 26.02.2022
Менің қызым қоян жырық деген диагноз бен туылды, астана қаласында төрт рет ота жасаттық, нәтижесі онша жақсы емес, Өзбекстан Республикасында жекеменшік клиникада ақылы түрде өте керемет етіп жасайды екен, соған апаруға қаржылық жағдайымыз жетпей жатыр, көмектесіп жіберсеңіз дер жақсы болар еді. Қызым өзінен ұялып сабаққа бармаймын деп жылайды қатты жаныма батады.
Жауап беру
А
Айжан 26.02.2022
Менде ерекше бала диагнозы Аутизм. Дәрі-дәрмекке керек
Жауап беру
Р
Рахымжан 26.02.2022
Ассаламу алейкум Баршаға!менің қызым инвалид с детства,у неё тугоухость 4степени,можете помочь моей дочке,
Жауап беру
Л
Лайла 26.02.2022
Менің 6жасар қызым бар. Сол қызым еміне қаржылай көмек керек ерек сіздермен қалай байланысқа шыға аламыз. Мен Павлодар облысы да тұрамын.
Жауап беру
А
Анар 26.02.2022
Мен Нур-Султан каласынан жазып турмын, жалгыз басты анамын, басымда тойлей алмай жаткан несием бар, комектессениздер екен деймин, табысым патер мен тамактан аспайдды
Жауап беру
А
Анар 26.02.2022
Мен Нур-Султан каласынан жвз
Жауап беру
К
Карсакова Асемгуль Максутовна 26.02.2022
Саламатсиздер ма мен 7 баланын анасымын.Биреуи 16 жаска толды инвалид 1 группа.Мен ауылдык жерде турамын жагдайымыз нашар. Каладан патер алуга жардем берсендер. Жолдасым 60 келип калды еш жерге жумыска алмайды балалардын пособиясымен кун корип келемиз.Мен озим инвалид баладан жане кишкентай балам бар содан шага алмаймын.Еш жерден комек жок. Комектессениздер отинип сураймын.Атымызда уйде жок.Ен болмаса инвалид баланы емдететин 10000000тг акша болсендер.1 группа инвалид. Тамак ише алмайды туалете бараалмайды. Жасы16 да.Есими Нуршат Бахиваева Зоновна. Туа биткен ауру.Журе алмайды,инвалид с детства,умство тяжёлый отстолости. Калган балалардын да жагдайы жок ештене жетиспейди.Киим,тамак,акша,т.б.спорткадайындалатын кураторы жери жок.Уй бир туысымыздын атында,ол кулайындеп тур ози тар 9 адамга.Отинемин комектессениздер екен.тел.87470581718.
Жауап беру
А
Акмарал Абдулгаппарова 26.02.2022
Біздің Шымкентте оңалтуға баруға мүмкіндігіміз бар
Жауап беру
Ж
Жанар Әшірбек 26.02.2022
Менің қызым көші нашар көреді бір айағы кыска неріп жұиесі кысылған басында тамыр сысылған тұнде памперс киелі менің кызыма көмек берсеңіздер
Жауап беру
А
Акмарал Абдулгаппарова 26.02.2022
Менің балам дауна,жасы 5 те ,өз қатарлы балалар сияқты оқыса екен деймін,бырак әлі сөйлемейді,ауылда турамыз,бізге көмек болса екен
Жауап беру
Т
Тілеуберген 26.02.2022
Астана қаласының тұрғыны Жаксыбеков Иманғали деген бала жасы 17 де ликоз крови сол балаға көмектеріңізді берсеңіздерші кәзір Түркияда ем шара қабылдап жатыр химия теропия сол балаға әрі қарай ем алуға қаражат жетпей жатыр соған қол ұштарыңызды берулеріңізді сұраймыз
Жауап беру
А
Акмарал 25.02.2022
Мен екі кайта жіберіп коргенмін заявка, кетпеді акыры менен. Не істесем болады?
Жауап беру
А
Айгерім 25.02.2022
Менім қызым дцп атрофия көмек керек көзі көрмегесін көп жылайды. Жақсы емі болса мүмкіндік бар.Оған қаражат керек емге көмек болса қызыма
Жауап беру
А
Айгерім 25.02.2022
Менім қызым дцп атрофия э
Жауап беру
Г
Гулнур 25.02.2022
Мен заявка тастаганмын отказ болыпты менин же балама комек керек билмей естимей кормей жатып Калай отказ кылады балам бар машинадан баспен кулап кози айнып кеткен козинин коруи нашар емдете алмай жатырмыз катты
Жауап беру
М
Молдир 25.02.2022
Несие турады сауалнаманын екинши сурагында Маган керек жауап болмады. Себеби мен несиени кызымжы емдету ушин алдым
Жауап беру
А
Асия 25.02.2022
Мен тастап улгермедим тастап аламба ерекше балама
Жауап беру
М
Меруерт 25.02.2022
Жаксы іс қолдаймыз балаларымыз ауырмасын осындай игі істер коп болсын барлық балаларгада комектессинші Алла істеринизді ондасын
Жауап беру
Ж
Жадыра 25.02.2022
Жаксы болар еди
Жауап беру
Ж
Жадыра 25.02.2022
Жақсы болды дәрісі сатып алынса екен
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл