Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“Қазақстан халқына” қоры жаңа оқу жылына 500 грант бөлді
Жаңалықтар

“Қазақстан халқына” қоры жаңа оқу жылына 500 грант бөлді

31.07.2025
1 мин
0
385
Сурет: liter.kz

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры 2025–2026 оқу жылына арналған "Қазақстан халқына" ҚҚ Білім беру гранттары" қайырымдылық бағдарламасы аясында 500 талапкерге жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігін ұсынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бағдарлама әлеуметтік осал санаттағы жастардың білімге қол жеткізуін мақсат етеді. Грантқа келесі санаттағы талапкерлер үміткер бола алады:

    1.    Ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар;

    2.    Жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;

    3.    Мүгедектігі бар азаматтар;

    4.    Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар;

    5.    2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтардың балалары;

    6.    Қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алған балалар.

Бағдарламаға қатысудың шекті жасы – 29 жас.

Грант бір реттік атаулы қолдау ретінде беріледі. Ол екінші жоғары білім алуға немесе онлайн-оқуға арналмаған, сондай-ақ бұған дейін мемлекеттік грант арқылы оқыған бакалаврлар бұл бағдарламаға қатыса алмайды.

Грант иегерлері талапкерлердің арасынан ҰБТ-дан шекті балл жинап, ЖОО-ға түсуге құқығы бар азаматтар ішінен таңдалады. Үміткерлер тізімі жоғары оқу орнының конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасы негізінде рәсімделеді.

Толық ақпарат, грант бөлінетін ЖОО тізімі және бағдарламаның іске асу жоспары туралы мәліметтер қордың ресми сайтында: qazaqstanhalqyna.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл