Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Қазақстан халқына» қорына 22,3 млрд теңге аударған шетел азаматы кім?
Жаңалықтар

«Қазақстан халқына» қорына 22,3 млрд теңге аударған шетел азаматы кім?

27.07.2023
1 мин
0
828
Фото: zakon.kz

Биылғы І жартыжылдықта «Қазақстан халқына» қоры 55 млрд теңгеге 12 қайырымдылық бағдарламасы мен жобасын іске қосты. Бұл туралы қордың Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысында айтылды.

Баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қордың атқарушы органы – басқарма биыл 31 отырыс өткізіп, онда барлығы 3466 өтінім мен жеке тұлғалардың өтініштері қаралды. 2022 жылдағыдай өтініш берушілердің көпшілігі денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салалары бойынша қордың қолданыстағы бағдарламалары мен жобалары аясында көмек сұраған.

Алты айда қорға 23,4 млрд теңге, оның ішінде жеке тұлға В. В. Анисимовтан 22,3 млрд теңге, «Сәтті Жұлдыз» АҚ-дан 1,05 млрд теңге, жеке тұлғалардан 12,2 млн теңге түсті. Қор 24,6 млрд теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.

Василий Анисимов 1951 жылы Алматыда дүниеге келген. Швейцариядағы Coalco девелоперлік компаниясының иесі және Ресейдің "Металлинвест" ірі тау-кен металлургиялық холдингтерінің бірінің бұрынғы тең иесі. Оның байлығы 1,6 миллиард долларға бағаланған (Forbes мәліметтері бойынша). 2022 жылы Ресейдегі ең бай 200 кәсіпкердің тізімінде 54-ші орынға ие болды.

2022 жылдың желтоқсанында Анисимовтың Хорватия азаматтығын алғаны белгілі болды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл