| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан мен АҚШ су тасқынының алдын алу үшін қар жамылғысын әуеден мониторингтеу бағдарламасын әзірлеп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов АҚШ-тың Dynamic Aviation және Airborne Snow Observatories Inc. компанияларының өкілдерімен кездесті. Тараптар қар жамылғысын бақылау, көктемгі су ағынын болжау және су тасқыны қаупі туралы ерте ескерту мәселелерін талқылады.
Бағдарлама кезең-кезеңімен іске асырылады. Алғашқы кезеңде Жабай өзені бассейнінде авиациялық технологиялар арқылы қар қорының жоғары дәлдіктегі өлшемдері жүргізіліп, деректер қолданыстағы ақпараттық жүйелерге енгізіледі. Бұл әдістемені сынақтан өткізуге және мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
Кейін жоба басқа өңірлерге кеңейтіліп, су тасқыны тәуекелдерін азайту мен су ресурстарын тиімді басқаруға бағытталады.
Аслан Абдраимовтың айтуынша, жоба су тасқыны қаупін төмендетуге және халықты, инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығын қорғауға көмектеседі.