| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан стратегиялық реформаларды жүзеге асыру үшін Дүниежүзілік банк тобы ұйымдарымен әріптестікті нығайтуда, - деп хабарлайды Dauletten.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәжіліс Бір тараптан Қазақстан Республикасының Үкіметі және екінші тараптан Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі, Халықаралық Қаржы Корпорациясы мен Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өркендеуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптeстік туралы негіздемелік келісімді ратификациялады.
Құжат Дүниежүзілік банк тобына кіретін ұйымдармен өзара іс-қимылдың құқықтық негізі мен негізгі қағидаттарын бекітеді. Сондай-ақ онда елдегі стратегиялық реформаларды қолдауға бағытталған бірлескен іс-шаралардың негізгі бағыттары айқындалған.
Негіздемелік келісімнің басты мақсаттарына қаржы секторының макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылығын арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту және ауыл шаруашылығы секторын дамытуға жәрдемдесу кіреді.
Негізгі бағыттардың қатарында шағын және орта бизнес үшін қаржыландыруға қолжетімділікті жақсарту, инфрақұрылымға және әлеуметтік салаларға, оның ішінде денсаулық сақтау мен білім беру жүйесіне инвестицияларды ұлғайту да бар.
Келісімді ратификациялау Қазақстанға сенімді халықаралық әріптес ретіндегі беделін нығайтуға, жетекші әлемдік қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтуге және шетелдік инвесторлардың сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін қосымша қаржыландыру мен технологияларға қол жеткізуге жол ашады.