Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан мен Марокко сотталған адамдарды өз еліне қайтару туралы келісімге келді
Жаңалықтар

Қазақстан мен Марокко сотталған адамдарды өз еліне қайтару туралы келісімге келді

24.09.2025
мин
0
467
Сурет: pinterest.com

Қазақстан мен Марокко сотталған адамдарды өз еліне қайтару туралы келісімге келді, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялады.

Келісім 2024 жылғы 12 желтоқсанда Рабат қаласында жасалған. Құжат аясында тараптар бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды өз елінде жазасын одан әрі өтеу үшін бір-біріне беруге міндетті болады. Онда сотталғандарды беру мен беруден бас тартудың нақты негіздері қарастырылған.

Сотталған адамдарды беру шарттары:

- адам үкімді орындайтын мемлекеттің азаматы болуы;

- үкім түпкілікті болуы және орындалуы;

- сотталған адамға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе бас бостандығынан айыруға байланысты өзге де шара тағайындалуы;

- адамның сотталуына алып келген әрекет екі елдің заңнамасына сәйкес қылмыс болып есептелуі;

- беру туралы сұрау салуды алған кезде жазаны өтеудің қалған мерзімі кемінде бір жылды құрауы;

- сотталған адамды беруге оның жазбаша келісімінің болуы.

Егер сотталған адам үкімді шығарушы елдің азаматы болса және тараптардың бірінің заңнамасына сәйкес үкімнің күші жойылса, сотталған адамды беруден бас тартылады. Келісімді іске асыруға Қазақстан тарапынан – Бас Прокуратура, Марокко тарапынан – Әділет министрлігі жауапты болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл