Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан мен Мажарстан жан-жақты ынтымақтастықты арттыруға ниетті
Жаңалықтар

Қазақстан мен Мажарстан жан-жақты ынтымақтастықты арттыруға ниетті

22.11.2023
2 мин
0
237
Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі каналынан

Қазақстан Республикасы Премьер–Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мажарстанға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ол ресми сапары аясында Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен екіжақты келіссөздер жүргізді. 

Қос тарап саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-мажар ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективаларын, халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылаған. 

ҚР СІМ басшысы Астана мен Будапешт барлық деңгейде мазмұнды саяси диалог орнатқанын атап өтті.

«Мажарстан – біздің жақын одақтасымыз, сонымен қатар бізбен стратегиялық серіктестік орнатқан Орталық және Шығыс Еуропа аймағындағы жалғыз ел. Бізді саяси және экономикалық мүдделер ғана емес, ортақ тарихи тамырлар, туыстық және бауырластық қатынастар біріктіреді», – деді М.Нұртілеу.
 

Өз кезегінде П.Сийярто өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша елдер арасындағы қалыптасқан серіктестіктің жоғары деңгейін қанағаттанушылықпен атап өтті.

«Біз серіктестігіміздің өзекті бағыттарын дамытуға дайынбыз және осы үшін бар күшімізді саламыз. Мажарлық компаниялардың Қазақстанда жақсы мүмкіндіктері бар», – деді Мажарстанның министрі

Соңғы 20 жылда Мажарстаннан Қазақстанға 300 млн АҚШ долларынан астам инвестиция тартылды. Қазіргі таңда машина жасау, ауыл шаруашылығы және логистика сияқты салаларда 490 млн доллары сомасына инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Қазақстан іс жүзіндегі және жаңа жобаларды толығымен қолдап, мажар бизнесінің одан әрі табысты қызметі үшін қолайлы жағдай қамтамасыз етуге дайын.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл