Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим күшіне енді
Жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим күшіне енді

10.11.2023
1 мин
0
903

Бүгін, 2023 жылдың 10-қарашасынан бастап Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим туралы келісім күшіне енді. Енді қазақстандықтар Қытай шекарасына өткеннен кейін 30 күнге дейін, алты ай ішінде 90 күнге дейін визасыз жүре алады.

Қазақстан мен Қытай азаматтары бүгіннен бастап жеке істер, туризм, емделу, халықаралық тасымалдау, іскерлік мақсаттар және транзит үшін визалық талаптардан босатылды. Дегенмен, визасыз режим жұмыс істеу, оқу немесе миссионерлік қызметпен айналысу құқығын бермейтінін естен шығармау керек.

"Азаматтардың екі мемлекеттің аумағында болу мерзімі мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен, ал 180 күнтізбелік күн ішінде барлығы 90 күнтізбелік күннен аспауға тиіс", - деп түсіндірді бұған дейін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Айта кетейік, жоғарыда аталған келісім ҚХР Гонконг және Макао арнайы әкімшілік аудандарының аумағына баруға қолданылмайды. Қазақстан азаматтары Гонконгқа визасыз 14 күннен аспайтын мерзімге ғана бара алады, ал Макаоға бару үшін виза рәсімдеу қажет.

 


 

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
300
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл