Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қытайдың жол саласы мамандары өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Қытайдың жол саласы мамандары өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды

02.05.2023
1 мин
0
422

Еліміздегі жол саласының ғалымдары автожол құрылысы бойынша Қытай елінің тәжірибесін үйреніп жатыр, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының сарапшылары Қытайға барып, көршілес елдің жол құрылысы саласын нормативтік тұрғыда реттеу, жобалау, құрылысты жүргізу, жолды пайдаланып, автожол құрылысындағы экономикасымен танысып жатыр. Бұған қоса қазақстандық мамандар Қытай Халық Республикасының жол-құрылыс саласындағы техникалық базасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады.

Делегацияның құрамында институттың вице-президенті Серік Өмірбаев, Жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялар департаментінің директоры Әсел Нұғманова және басқа да мамандар бар.

Жұмыс барысындағы кездесулердің бірінде институт өкілдері Цзянсу Көлік институтымен (Jiangsu Transportation Institute) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«JSTI-мен арада ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, екі елдің жол-зерттеу институтын құрып, ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Қытайдағы нормативтік-техникалық базаны реформалау мәселелері қаралып, жаңа технологияларды енгізу тәртібі зерттелді. Сондай-ақ тығыз ынтымақтастықты арттыру жөніндегі алдағы жоспарлар пысықталды», - деді А.Нұғманова.

Естеріңізге сала кетейік, «ҚазжолҒЗИ» АҚ еліміздегі автожол саласының нормативтік-техникалық базасын реформалау бойынша жұмыстарды жүргізіп келеді. Ұйымның сарапшылары жаңа технологиялар мен әлемдік тәжірибені ескере отырып, жол саласының нормативтік базасының жаңа құрылымын әзірлеп жатыр. Аталған міндет таяу және алыс шет елдердің озық тәжірибесі негізінде жүзеге асырылмақ. Осыған байланысты жоғарыда аталған меморандум жасау бойынша бастама көтерілді.

Жол саласының сарапшылары кейінгі 10 жылда ҚХР-да жол құрылысы сапасының айтарлықтай өскенін атап өтті. Осы ретте Қытайдың жүрдек автомобиль жолдары мен басқа да жоғары деңгейлі автокөлік жолдарын айтарлықтай жылдам дамытуда тәжірибесі мол екенін айта кеткен орынды.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл