Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан Олимпиада жүлдегерлерін қомақты сыйақымен марапаттайды
Спорт

Қазақстан Олимпиада жүлдегерлерін қомақты сыйақымен марапаттайды

22.02.2026
мин
0
68

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары аяқталуға жақын. Италия төрінде өткен дүбірлі додада спортшылар ел намысын қорғап қана қоймай, қомақты қаржылай сыйақы үшін де сынға түсті. Әлем елдері жүлдегерлеріне әртүрлі көлемде бонус белгілеген. Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша жоғары сыйақы төлейтін мемлекеттердің қатарына енді, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

XXV қысқы Олимпиада ойындарының Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтіп жатыр. Осыған дейін хабарлағанымыздай, дүбірлі додаға 93 елден 2871 спортшы қатысып, 16 спорт түрі бойынша жүлделер сарапқа салынған. Төртжылдықтың басты додасына айналған жарыс бүгін, яғни 22-нен 23 ақпанға қараған түні салтанатты жиынмен аяқталады. Ел намысын қорғаған спортшыларға әр мемлекет қомақты сыйақы береді. Соның ішінде Қазақстан – жоғары сыйақы төлейтін елдердің қатарында.

Қазақстан алтын медаль үшін ең жоғары сыйақы белгілеген мемлекеттердің алдыңғы легінен көрінді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, отандық спортшыларға төмендегідей қаржылай көтермелеу қарастырылған:

Алтын медаль – 250 000 АҚШ доллары

Күміс медаль – 150 000 доллар

Қола медаль – 75 000 доллар

4-орын – 30 000 доллар

5-орын – 10 000 доллар

6-орын – 5 000 доллар

Бұдан бөлек, чемпионға үш бөлмелі пәтер, күміс жүлдегерге екі бөлмелі, қола иегеріне бір бөлмелі пәтер табысталады. Сондай-ақ Олимпиада жүлдегері мен оны дайындаған жаттықтырушыға өмір бойы 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайынғы төлем белгіленген.

Осы көрсеткіштер бойынша Қазақстан жалпы рейтингте 24-орында аталғанымен, алтын медаль үшін төленетін сыйақы көлемі жағынан әлемдік көшбасшылар үштігіне енеді. Ел намысын Италиядағы Олимпиадада 36 спортшы (18 әйел, 18 ер) қорғап жатыр.

Жүлдегерлерге берілетін сыйақы: әлемдік тәжірибе

Олимпиададағы жеңіс барша спортшы үшін ортақ мәртебе болғанымен, оның қаржылық қайтарымы әр мемлекетте әрқалай. Мәселен, Сингапур алтын медаль үшін 792 мың доллар төлейді. Күміс жүлде – 394 мың, қола – 197 мың доллар. Бұл көрсеткіш Сингапурды әлемдегі ең жоғары бонус тағайындаған елге айналдырып отыр.

Екінші орында Гонконг тұр: алтынға – 767 мың, күміске – 383 мың, қолаға – 191 мың доллар.

Ал қысқы спорттағы басты фавориттердің бірі саналатын Норвегия жүлдегерлерге мемлекеттік ақшалай сыйақы төлемейді.

АҚШ құрамасы ең көп – 233 спортшы әкелгеніне қарамастан, сыйақы мөлшері бойынша 15-орында тұр: алтын медаль үшін 37 500 доллар, күміс үшін 22 500, қола үшін 15 мың доллар қарастырылған.

Ал ең төмен сыйақы белгілеген елдер қатарында Жаңа Зеландия (3 мың доллар), Аргентина (8 мың доллар) және Австралия (13 мың доллар) бар.

Қаржылық айырмашылық нені білдіреді?

Осы деректер Олимпиада жеңісі символдық тұрғыдан баршаға ортақ болғанымен, оның материалдық әсері мемлекет саясатына тікелей байланысты екенін көрсетеді. Кей елдерде алтын медаль спортшының өмірін түбегейлі өзгертетін қаржылық мүмкіндікке айналса, енді бірінде басты назар ұлттық бедел мен спорттық дәстүрге аударылады.

Осылайша, 2026 жылғы қысқы Олимпиада тек спорттық тартыс алаңы ғана емес, мемлекеттердің спортшыларды қолдау саясатын айқындайтын маңызды көрсеткішке де айналып отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл