Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан ОПЕК+ келісімінің шарттарын толық орындай алмады
Жаңалықтар

Қазақстан ОПЕК+ келісімінің шарттарын толық орындай алмады

19.06.2020
1 мин
0
800

Қазақстан ОПЕК+келісімінің шарттарын орындауға дайын. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев ОПЕК+-тің министрлер мониторингі комитетінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Энергетика министрінің айтуынша, мамыр айында ОПЕК+ келісімі аясында Қазақстан міндеттемелерді 71 пайызға орындаған. Мамыр айының алғашқы 12 күнінде өндірудің жалпы көлемі 3,13 миллион баррельді құрады​.

"Бұл тамыз және қыркүйек айларында қосымша қысқартумен өтелетін болады", - деді Ноғаев.

Министр Қазақстан ОПЕК+ келісімін, оның мұнай индустриясына әсерін оң бағалайтынын атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстан мамыр-маусым айларында мұнай өндіруді тәулігіне 390 мың баррельге қысқартуға міндеттеме алған болатын.

ОПЕК+ жаңа келісімі аясында мамыр айынан бастап екі ай бойы мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 миллион баррельге дейін қысқарту жоспарланған. Ал 6 маусымда бұл шарт шілде айына ұзартылды.

Бұдан әрі қысқарту көлемі жыл соңына дейін тәулігіне 7,7 миллион баррельге дейін және 2022 жылғы сәуір айының соңына дейін 5,8 миллионға дейін төмендейді.

Мамыр-маусым айында өз міндеттемелерін толық орындамаған мемлекеттер мұны шілде-қыркүйек айларында өтеуге міндеттелді.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл