| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Вашингтонға барды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысын әуежайда АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау қарсы алды.
Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөздер өткізіп, «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады деп жоспарлануда.
Каспий істері жөніндегі сарапшы Эрик Руденшильдтің пікірінше, бұл кездесу Орталық Азияның жаһандық деңгейдегі маңызын арттырып, аймақ елдерінің Батыспен экономикалық байланысын нығайтады.
- Солтүстікке Ресей арқылы, шығысқа Қытай арқылы шығу оңай, бірақ Батысқа бағыт алу үшін инвестиция қажет. Бұл саммит Орталық Азия елдеріне АҚШ-пен жоғары деңгейде байланыс орнатуға мүмкіндік береді, – дейді сарапшы.
