Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені Бахтиер Зайнутдинов Мәскеудің
Спорт

Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені Бахтиер Зайнутдинов Мәскеудің "Динамо" клубына ауысты

28.07.2025
1 мин
0
112
Сурет: KFF

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы әрі ең үздік сұрмергені Бахтиер Зайнутдинов Түркияның "Бешикташ" клубынан Ресейдің "Динамо" командасына өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мәскеулік клуб қазақстандық футболшының ауысқанын 28 шілдеде әлеуметтік желідегі ресми парақшасында растады.

"Бешикташ" клубы Зайнутдиновқа команданың жетістіктеріне қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, "Динамомен" трансфер шарттары толық келісілгенін хабарлады.

27 жастағы жартылай қорғаушы өткен маусымда жарақатына байланысты тек тоғыз ойынға қатысып, ұзақ уақыт қалпына келуге мәжбүр болды.

Жалпы, екі жыл ішінде Зайнутдинов "Бешикташ" сапында 12 матч өткізіп, командамен бірге Түркия кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, ол Еуропа лигасы мен Конференция лигасының ойындарына қатысқан.

Айта кетсек, Бахтиер Зайнутдинов бұған дейін қазақстандық "Тараз" және "Астана" клубтарында, Ресейдің "Ростов" және ЦСКА командаларында өнер көрсеткен.

Ол "Динамомен" 2029 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қойып, жаңа командасында №9 нөмірімен ойнайтын болады.

Трансфердің нақты құны жария етілген жоқ, бірақ Transfermarkt деректеріне сүйенсек, футболшының бағасы шамамен 2,8 миллион еуроны құрайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл