Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан, Қырғызстан және Ресей Ішкі істер министрліктерінің киберполициясы бірлесіп өткізген операция нәтижесінде трансұлттық қылмыстық топ әшкереленді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
8 қыркүйекте күдікті Бішкек қаласында ұсталған. Ол жалға алған пәтерді тінту кезінде 32 слотты сим бокс, үшінші тұлғаларға рәсімделген 70-тен аса SIM карта, IP-ді алмастыруға арналған жабдықтар, компьютерлер мен телефондар тәркіленген. Алдын ала мәлімет бойынша күдікті қылмыстық әрекеті үшін аптасына 500 АҚШ доллары көлемінде қаражат алып отырған.
- Мұндай құрылғылар қылмыскерлерге банктер, мемлекеттік органдар және маркетплейстер атынан фрод қоңыраулар мен хабарламалар жіберуге мүмкіндік береді. Олардың көздегені - азаматтардың ақшасын және жеке деректерін ұрлау, - деді ІІМ өкілдері.