Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан, Ресей және Өзбекстан: қай елде көкөніс пен жеміс-жидек бағасы жоғары?
Жаңалықтар

Қазақстан, Ресей және Өзбекстан: қай елде көкөніс пен жеміс-жидек бағасы жоғары?

22.04.2025
1 мин
0
514
Сурет: центр-профилактики.рф

Сарапшылар Қазақстандағы көкөніс пен жеміс-жидек бағаларын ТМД елдеріндегі жағдаймен салыстырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Energyprom.kz дерегіне сүйенсек, 2025 жылдың наурыз айында Қазақстанда көкөніс пен жеміс-жидек бір айда 3,1%-ға, ал жылдық көрсеткіш бойынша 11,9%-ға қымбаттаған. Нақтырақ айтқанда, наурызда жаңа піскен жеміс-жидек бағасы 4,4%-ға, өңделгені 0,2%-ға, жаңа піскен көкөністер 3,1%-ға, өңделген көкөністер 1,2%-ға өскен. Жыл ішінде бұл өнімдер сәйкесінше 5,4%, 3,1%, 13,6% және 8%-ға қымбаттаған.

Бағаның айлық өсімі бойынша рекорд Алматы облысында тіркелген – 6%. Ең аз өсім Ақтөбе облысында байқалған – бар болғаны 0,2%. Ал жылдық өсім бойынша Атырау облысы көш бастады (22,1%), ең төмен өсім – Жетісу облысында (7,1%).

2025 жылғы наурыздағы нақты бағаларға тоқталсақ: картоптың келісі – 233 теңге, қырыққабат – 190 теңге, пияз – 131 теңге, қызылша – 315 теңге, сәбіз – 162 теңге. Қиярдың орташа бағасы – 1 200 теңге, қызанақ – 1 300 теңге, алма – 696 теңге, банан мен апельсин – 1 200 теңге, лимон – 1 300 теңге, ал курага – 4 000 теңге.

Numbeo порталының 2025 жылғы 19 сәуірдегі мәліметтері бойынша, Қазақстанда 1 келі алманың бағасы – 1,2 АҚШ доллары, банан – 1,8 доллар, апельсин – 1,9 доллар. Картоп – 0,5 доллар/кг, пияз – 0,6 доллар, қызанақ – 1,9 доллар.

Салыстырмалы түрде: ең арзан алма – Молдова мен Украинада (0,8 доллар/кг), ең қымбаты – Ресейде (1,7 доллар/кг). Банан ең арзан Украинада (1,5 доллар), ең қымбаты – Тәжікстанда (2,3 доллар). Апельсин ең арзан Әзербайжанда (1,5 доллар), ал ең қымбаты – Тәжікстанда (2,4 доллар).

Картоп ең қымбат елдер – Армения, Тәжікстан, Ресей және Молдова (0,8 доллар/кг), ал ең арзан – Беларусь, Өзбекстан және Қазақстан (0,5 доллар/кг). Пияз Украинада ең арзан (0,3 доллар), ал Әзербайжан мен Арменияда ең қымбат (0,7 доллар). Қызанақтың ең төмен бағасы Тәжікстанда (0,8 доллар), ал ең жоғарысы Ресейде (3 доллар) тіркелген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл