451.05
504.95
5.6
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан су тасқынын алдын ала болжай ала ма? Министр жаңа жүйе туралы айтты
Жаңалықтар

Қазақстан су тасқынын алдын ала болжай ала ма? Министр жаңа жүйе туралы айтты

27.10.2026
мин
0
93
Сурет: Ғаламтордан

Қазақстанда су тасқынының алдын ала болжамын жасауға арналған цифрлық жүйелерді жетілдіру жұмыстары жүріп жатыр. Былтыр тасқын тіркелген 16 елді мекеннің төртеуі Tasqyn жүйесінің моделдеуіне қамтылмаған. Енді билік су қауіптерін бағалау құралдарын дамытып, су ресурстарын басқаруды цифрландырмақ, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, ведомство су тасқынын болжаумен қатар, құрғақшылық қаупін алдын ала бағалауға мүмкіндік беретін техникалық шешімдерді де енгізуді көздеп отыр. Бұл туралы министр Tengrinews-ке берген сұхбатында айтқан.

Министрлікте су саласына цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, су жіберуге қатысты келісімдерді электронды форматқа көшіру, ирригациялық жүйелерге есептегіштер орнату және су қоймаларының цифрлық модельдерін әзірлеу жоспарланған.

Сонымен қатар спутниктік деректерді талдайтын құралдар жасалып жатыр. Олар суармалы жерлердегі су тұтыну көлемін бағалауға, суды тиімсіз немесе заңсыз пайдалану жағдайларын анықтауға көмектесуі тиіс. Бұдан бөлек, нормативтік-құқықтық құжаттарды іздеу мен талдауға арналған жасанды интеллект агентін енгізу де жоспарға енген.

Су қоры туралы ақпарат қолжетімді бола ма?

Министрлік ұлттық су ресурстарының ақпараттық жүйесін әзірлеп жатыр. Нұржігітовтің сөзінше, ведомство сайтында су ресурстары жөніндегі ұлттық есеп алғаш рет жарияланған. Онда әрбір су бассейні бойынша мәліметтер берілген.

Жүйенің мақсаты – азаматтарға елдегі су қорының жағдайын, қай өңірлерде тапшылық барын және су ресурстары қалай бөлінетінін түсінікті түрде көрсету.

Tasqyn жүйесі нені көрсетті?

Су тасқынын модельдеуге арналған Tasqyn жүйесі 2025 жылғы ақпанда өндірістік қолданысқа берілген. Ол өзендердегі су деңгейі, су қоймаларынан жіберілетін су көлемі және басқа гидрологиялық деректерді пайдаланып, ықтимал су басу аумақтарын бағалауға арналған. 

2025 жылғы тасқын кезеңінің қорытындысы бойынша, су 16 елді мекенде тіркелген. Ресми мәліметке сәйкес, Tasqyn жүйесі олардың 12-сінде ықтимал су басу аумақтарын модельдеген. Қалған төрт елді мекеннің модельдеуге қамтылмауына арнасыз ағын, гидрологиялық бекеттердің болмауы және жер асты суы деңгейінің көтерілуі сияқты факторлар себеп болған.

Жүйені жетілдіру үшін гидрологиялық модельді бейімдеу, гидробекеттер желісін кеңейту және жер бедерінің цифрлық карталарын жаңарту шаралары қарастырылған.

Алдағы уақытта цифрлық құралдарды жетілдіру су тасқыны мен құрғақшылық қаупін ертерек бағалауға және елдегі су ресурстарын тиімді басқаруға бағытталмақ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл