| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Қазақстан Түркияға ет экспортын ұлғайтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді.
– Біз қазір ет және ет өнімдерін экспорттауды қамтамасыз ету шараларын қабылдап жатырмыз. Осыған орай Түркияның ветеринариялық қызметімен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ етті Түркияға экспорттауға ниетті кәсіпорындар бойынша келіссөздер жүргізудеміз, - деді вице-министр Сенат кулуарында.
Өткен жылдың нәтижелері бойынша екі ел арасындағы сауда көлемі 285 миллион долларға жетті. Қазақстаннан негізінен дәнді және бұршақты дақылдар экспортталады, ал Түркиядан жеміс-жидек, көкөніс және жаңғақтар әкелінеді.