| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов XXV Қысқы Олимпиадаға дайындыққа 13,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінгенін жариялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұлттық құраманың спортшылары 10 спорт түрі бойынша 58 медальге таласады. Атап айтқанда, биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, фристайл-могул және фристайл-акробатика.
Дайындыққа бөлінген жалпы қаржы көлемі 13,3 млрд теңге. Оның ішінде:
585 млн теңге – спорт федерацияларының қаражаты,
5,3 млрд теңге – республикалық бюджеттен,
6,2 млрд теңге – жергілікті бюджеттен,
1,2 млрд теңге – Туризм және спортты қолдау қорынан.
Олимпиада 2026 жылдың 6–22 ақпаны аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Ұлттық құраманың құрамасы халықаралық жарыстардағы нәтижелерге сәйкес жасақталады.