| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан ЖИ-ді мемлекеттік басқаруда көшбасшы атанды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Oxford Insights 2025 жылғы Government AI Readiness Index рейтингінде Қазақстан 195 мемлекет ішінде 60-орынға көтеріліп, бір жылда 16 позицияға алға шықты. Еліміз Орталық Азияда жасанды интеллектіні ең тиімді енгізген мемлекет атанды.
Қазақстан жасанды интеллектіні мемлекеттік басқаруда белсенді қолдану арқылы өңірде көшбасшы болып отыр. 2024 жылы 76-орында болған еліміз 2025 жылы 60-орынға көтеріліп, аймақтық көшбасшылықты дәлелдеді.
Government AI Readiness Index үкіметтердің ЖИ-ді мемлекеттік басқаруда, экономикада және қоғамдық процестерде қолдану қабілетін бағалайды. Қазақстан рейтингісінің өсуі институционалдық және инфрақұрылымдық базаның нығаюын, мемлекеттік секторда ЖИ шешімдерінің белсенді енгізілуін көрсетеді.
Еліміз Public Sector Adoption бағыты бойынша 73,59 балл жинап, цифрлық қызметтерді кеңінен қолданатынын көрсетті. Ұлттық цифрлық платформалар, интернеттің кең таралуы және электрондық үкіметтің дамуы ЖИ технологияларын ауқымды енгізуге мүмкіндік береді.
Саяси әлеует пен басқарушылық дайындық та ерекше бағаланды: стратегиялық жоспарлар, нормативтік-құқықтық база және институционалдық назар Қазақстанға ЖИ саласында ұзақ мерзімді саясат жүргізуге жол ашады.
Алдағы кезеңде Қазақстан ЖИ шешімдерін коммерцияландыру, стартаптарды қолдау және бизнес үшін деректер мен қаржыландыруды кеңейту арқылы экожүйесін әрі қарай дамытады.