Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда 12 мамырдан бастап репродуктивтік денсаулық апталығы басталады
Жаңалықтар

Қазақстанда 12 мамырдан бастап репродуктивтік денсаулық апталығы басталады

13.05.2025
1 мин
0
177

12–16 мамыр аралығында елімізде репродуктивтік денсаулық апталығы өтеді. Бұл – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен ұйымдастырылған кең ауқымды ақпараттық-ағартушылық жоба, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Негізгі серіктестер: Денсаулық сақтау министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар.

Жобаның мақсаты – халықтың репродуктивтік денсаулық, инфекциялық аурулардың алдын алу, отбасыны жоспарлау және жауапты ата-ана болу мәдениеті туралы білімін арттыру. Негізгі мақсатты топ – жастар, репродуктивтік жастағы әйелдер мен ерлер және ата-аналар.

Апта барысында еліміздің барлық өңірінде келесі іс-шаралар өтеді:

  • Емханалар мен Жастар денсаулығы орталықтарында Ашық есік күндері ұйымдастырылып, мамандардан тегін кеңес алуға болады;
  • Жасөспірімдер мен ата-аналарға арналған дәрістер, семинарлар мен шеберлік сабақтары өтеді. Тақырыптар: отбасын жоспарлау, ЖЖБИ және АПВ инфекциясының алдын алу;
  • Бала сүюге дайындық және АИТВ-ға тестілеу бойынша кеңестер беріледі;
  • БАҚ пен әлеуметтік желілерде дәрігерлер мен сала мамандарының қатысуымен ақпараттық кампаниялар жүргізіледі;
  • Мектептер мен ЖОО-да арнайы сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өтеді;
  • Ата-аналарды жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығына қатысты мәселелерге тарту бойынша жұмыс жүргізіледі.

Апта күндерінің тақырыптары:

  • 12 мамыр, дүйсенбі – Отбасын жоспарлау
  • 13 мамыр, сейсенбі – Әйелдер денсаулығы
  • 14 мамыр, сәрсенбі – Ерлер денсаулығы
  • 15 мамыр, бейсенбі – Жастардың репродуктивтік денсаулығы және ЖЖБИ-дің алдын алу
  • 16 мамыр, жұма – Адам папилломасы вирусы (АПВ)

Іс-шаралар #СалауаттыҰрпақ2025, #ЗдоровоеПоколение2025, #RepHealth2025, #SalauattiUrpaq2025 хэштегтерімен жарияланады. Толық ақпарат: www.rephealth.kz

Жоба аясында басты назар жасөспірімдер мен жастарға аударылады, өйткені дәл осы жаста өмір бойы сақталатын дағдылар қалыптасады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі осы бағытта бірқатар жобаларды жүзеге асырып келеді.

Бүгінде елімізде 103 Жастар денсаулығы орталығы жұмыс істейді. 2026 жылға дейін балалар гинекологиясын дамытуға арналған Жол картасы бекітілген. Ауылдық жерлерде қыз балалар мен жасөспірімдерге гинекологиялық көмек көрсету тетіктері енгізілуде. Сонымен қатар, балалар гинекологтарын қайта даярлау курстары өтуде.

2025 жылдан бастап іске асырылып жатқан «Аналар саулығы» бағдарламасы – фертиль жастағы әйелдердің денсаулығын бағалап, оларды жүктілікке және дені сау сәбиді дүниеге әкелуге дайындауға бағытталған.

ЮНФПА мәліметі бойынша, Қазақстанда көптеген жасөспірім жыныстық өмірге ерте араласу қаупі мен оны болдырмау тәсілдері туралы жеткілікті ақпаратқа ие емес:

  • 15–19 жас аралығындағы жастардың 60%-дан астамы ЖЖБИ мен жоспарланбаған жүктіліктен қалай қорғану керектігін білмейді;
  • АИТВ инфекциясының берілу жолдарын небәрі 9% жасөспірім біледі.

Жатыр мойны обыры – әйелдер арасындағы онкологиялық аурулардың ішінде екінші орында. Жыл сайын 1900-ге жуық жаңа жағдай тіркеліп, шамамен 600 әйел көз жұмады. Бұл дерттің алдын АПВ-ға қарсы вакцинация арқылы алуға болады.

Бүгінге дейін 11–13 жас аралығындағы 150 мыңнан астам қыз бала АПВ-ға қарсы толық вакцинация курсынан өтті. Жанама әсерлер тіркелмеген.

АПВ-ның ең қауіптісі – 16 және 18 онкогенді түрлері, олар жатыр мойны обырының негізгі себебі болып табылады. Вакцинация ағзада тұрақты иммунитет қалыптастырып, аурудың даму қаупін айтарлықтай азайтады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл