Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
 Қазақстанда 15,1 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді
Жаңалықтар

Қазақстанда 15,1 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

26.05.2023
2 мин
0
272

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 129 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Dauletten.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 583 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 993 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 7 080 және 891 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 717 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 865 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 746 жұмыс беруші бар. Оларда 411,5 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96% - ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 317 адам (35%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 572 адам (10%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 443 адам (10%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 979 адам (7% ), өңдеу өнеркәсібі –  960 адам (7%).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 652  адам (24%), Өзбекстан – 1 843 адам (12%), Үндістан – 1 741 адам (12%), Түркия – 1 534 адам (10%).

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.

фото: gov.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл