| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
2026 жылдан бастап елімізде зейнетақы мөлшері қайта есептеледі. Жаңа бюджетте ең төменгі және базалық зейнетақыны өсіру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде өзгерістер болады. Үш жылға арналған республикалық бюджет жобасында зейнетақы төлемдерін ұлғайту қарастырылған. Соған сәйкес, келесі жылдан бастап негізгі төлемдер 10 пайызға индексацияланады.
Жаңа есеп бойынша, ең төменгі зейнетақы мөлшері 2026 жылы 69 049 теңгеге дейін жетпек. Қазіргі деңгеймен салыстырғанда, зейнеткерлер ай сайын 6 мың теңгеден астам артық алады. Сонымен бірге базалық зейнетақы да өсіп, 35 596 теңге болады.
Қазақстанда зейнетақы бірнеше құрамдас бөліктен тұрады. Мемлекет бұрынғы жүйе бойынша еңбек еткен азаматтарға ынтымақты зейнетақы төлейді. Оған қоса, еңбек өтіліне қарай базалық зейнетақы тағайындалады. Ал жұмыс істеп жүрген азаматтар үшін жинақтаушы жүйе жұмыс істейді – жалақының бір бөлігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.
Индексациядан кейін ең төменгі зейнетақының жиынтық көлемі 100 мың теңгеден асады. Ал жоғары мөлшердегі зейнетақы 238 мың теңгеден жоғары болады деп күтіліп отыр.
Бюджет жобасында орташа зейнетақы көлемі де белгіленген. Алдағы үш жылда бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп, 2028 жылға қарай 113 мың теңгеден асады. Орташа базалық зейнетақы да кезең-кезеңімен ұлғаяды