| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде мыңдаған дәрі-дәрмектің бағасы төмендетіліп, пациенттер үшін қолжетімді дәрілер тізімі жарияланды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Баға шектеулері қаржылық ауыртпалықты азайту және дәрілерді қолжетімді ету мақсатында енгізілген. Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілерге шекті бағаларды бекітіп, нарықтағы құнын бақылауға алды. Нәтижесінде жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, инфекциялық және басқа да кең таралған ауруларға арналған шамамен 5 мың препарат арзандады.
Қазіргі уақытта 4 994 дәрілік затқа шекті баға белгіленген, және фармацевтикалық мекемелер оларды осы деңгейден аспайтын бағамен сатуға міндетті. Сонымен қатар, 1 707 рецептісіз берілетін дәрілер нарықтық қағидат бойынша сатылуда.
2026 жылғы наурызда жүргізілген мониторинг деректері бойынша, 2025 жылғы маусыммен салыстырғанда 631 атау бойынша баға орта есеппен 24,6%-ға төмендеген. Айтарлықтай арзандаған дәрілер:
Пренесса, 8 мг №30 — 18,3%
Сиалис, 20 мг №1 — 16,5%
Тамифлю, 75 мг №10 — 14,5%
Периндоприл-Тева, 5 мг №10 — 24,3%
Энтекавир Вива Фарм, 0,5 мг №30 — 20%
- Комитет еліміздің барлық өңірінде бағаның тұрақты мониторингін жүргізіп отыр. Егер шекті баға асып кетсе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 426-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған. Азаматтар баға белгілеу бойынша ықтимал заңбұзушылықтарды DariKZ қосымшасы немесе комитеттің өңірлік бөлімдері арқылы хабарлай алады, — деп айтты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.