Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде елімізде 500-ден астам көшеге Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің есімі берілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент екі аптадан кейін бүкіл әлем үшін аса маңызды тарихи дата – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы келіп жететінін еске салып, бұл мерейтой Қазақстанда кең көлемде атап өтілетінін айтты.
Қазақстанның майдангерлері мен тыл еңбеккерлері – бүкіл халқымыз Отан үшін күрескен ерлер.
Ұлы Жеңістің тарихи сабағы – ксенофобияға, нәсілдік және ұлттық үстемдікке, халықаралық құқықты елемеуге негізделген жауапсыз саясаттың қайғылы салдарын бүгінге дейін айқын көрсетіп отыр, әсіресе саясаткерлер үшін бұл аса маңызды сабақ, – деді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, жуырда Республикалық ономастикалық комиссияның шешімімен елді мекендердегі 500-ден астам көшеге осы уақытқа дейін елеусіз қалып келген жергілікті батырлардың есімдері берілмек. Әсіресе жаңа немесе атауы қайталанатын көшелерге басымдық танытылады. "Бұл – Ұлы Жеңіске және оның қаһармандарына деген құрметіміздің айқын көрінісі", – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы Ұлы Жеңісті еске алу – бұл ең алдымен сол ерлік жасаған жандардың есімін ұмытпай, олардың жанқиярлығы мен адалдығын бағалау екенін атап өтті.
- Біз сұрапыл соғыс кезінде қайсарлық пен ерлік танытқан жерлестерімізді әрдайым ерекше құрметпен еске аламыз. Жеңістің 80 жылдығына дайындық туралы мен осыдан бір жарым жыл бұрын тапсырма бердім. Соған сәйкес “Ұлы Жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі” атты арнайы жоспар бекітіліп, іске асуда. Бұл ауқымды бағдарлама аясында екі мыңнан астам мәдени, ғылыми, ағартушылық және өзге де іс-шаралар өткізіледі. Ең маңыздысы – ардагерлерімізге мемлекет пен қоғам тарапынан ерекше назар аударылады. Мерейтойдың шарықтау шегі ретінде үлкен әскери шеру ұйымдастырылады. Бұл – бір жағынан батырларға тағзым, екінші жағынан қазіргі күрделі геосаяси жағдайда халқымыздың рухын, бірлігін көрсететін маңызды белгі болмақ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.