| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда 52 мыңнан астам компания мен кәсіпкердің мемлекет алдындағы салық берешегі 1 трлн теңгеден асты. Мемлекеттік кірістер комитеті төрт айдан бері өтелмеген қарызы бар салық төлеушілердің жаңартылған тізімін жариялады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша салық және кедендік берешегі бар тұлғалардың тізімін жариялады.
Ресми мәліметке сәйкес, тізімге жалпы саны 52 654 салық төлеуші енгізілген. Олардың қатарында жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын азаматтар, сондай-ақ заңды тұлғалар мен олардың филиалдары бар.
Комитеттің мәліметінше, бұл субъектілердің салық берешегі заңнамада белгіленген шектен асып кеткен және кемінде төрт ай бойы өтелмеген. Жалпы қарыз көлемі 1 триллион теңгеден асады.
Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждары, сондай-ақ айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша берешегі бар 1 488 салық төлеушінің тізімін де жариялады.
Олардың кедендік берешегінің жалпы көлемі 113 миллиард теңгеден асады.
МКК мұндай тізімдерді тұрақты түрде жариялап отырады. Бұл салық міндеттемелерін орындамаған тұлғалар туралы ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етіп, берешекті өндіріп алу жұмыстарын күшейтуге бағытталған.