| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда 622 тіс емханасы тексеріліп жатыр, олардың ішінде 174 клиниканың жұмысы тоқтатылған, ал 56-сы лицензиясын өз еркімен тапсырған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, тексерулер науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық қызмет сапасын бақылау мақсатында жүргізілуде.
Қазіргі таңда тексерілген 392 клиниканың 103-інде ешқандай заңбұзушылық анықталған жоқ. Ал 174 клиниканың қызметі тоқтатылған, оның ішінде 56 емхана лицензиясын өз еркімен тапсырған.
Министрлік бұл шаралардың басты мақсаты – халыққа сапалы және қауіпсіз стоматологиялық қызмет көрсету екенін атап өтті.