474.47
541.37
6.08
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда адамның жеке басын бірнеше секундта анықтайтын жүйе енгізілмек
Жаңалықтар

Қазақстанда адамның жеке басын бірнеше секундта анықтайтын жүйе енгізілмек

02.07.2026
мин
0
118
Сурет: OKG.kz

Қазақстанда саусақ ізі мен ДНҚ деректерін біріктіретін жаңа биометриялық жүйе енгізу жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда адамның жеке басын анықтау жүйесін жаңғырту көзделіп отыр. Ішкі істер министрлігі биометриялық тіркеу қағидаларына өзгерістер енгізуді ұсынып, тиісті жобаны қоғамдық талқылауға шығарды.

Жобаға сәйкес, саусақ ізі мен ДНҚ туралы мәліметтер «Биометриялық тұлғаны сәйкестендіру» атты бірыңғай ақпараттық жүйеге біріктіріледі. Соның арқасында құқық қорғау органдары адамның жеке басын бірнеше секунд ішінде анықтай алады.

Жаңа жүйеде Қазақстан азаматтарының саусақ іздерінің бірыңғай базасы қалыптастырылады. Бұл базаға жеке куәлік немесе паспортты рәсімдеу және ауыстыру кезінде тапсырылатын саусақ іздері енгізіледі.

Ал ДНҚ деректері барлық азаматтан жиналмайды. Министрліктің түсіндіруінше, мұндай база тек қылмыстық істерді тергеу мақсатында пайдаланылады. Оған жазасын өтеп жатқан сотталғандардың, сондай-ақ жеке басы анықталмаған және із-түзсіз жоғалған адамдардың биологиялық үлгілері енгізіледі.

Министрлік бұл өзгерістер қағаз құжат айналымын азайтып, барлық мәліметті цифрлық форматқа көшіруге мүмкіндік беретінін айтады. Сонымен қатар криминалистер оқиға орнынан алынған айғақтарды жылдам тексеріп, саусақ ізі мен ДНҚ деректерін бір адамның цифрлық профилі арқылы салыстыра алады.

Бұдан бөлек, бірыңғай электронды база тергеу изоляторларында, түзеу мекемелерінде және пробация есебінде тұрған адамдарды есепке алу мен бақылау жұмыстарын да жеңілдетеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл