Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда әскерге шақыру басталды
Жаңалықтар

Қазақстанда әскерге шақыру басталды

01.03.2023
1 мин
0
1147

Бүгіннен бастап мерзімді қызметке әскерге шақыру басталды. Бұл туралы Қарулы күштер Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Бауыржан Артықов айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

"Бүгінен бастап жергілікті атқарушы органдардың 195-ші әскерге шақыру пункттерінде қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары жұмысын бастайды. Оған әкімдердің орынбасарлары басшылық етеді. 2023 жылы 12 шілдеге дейін Қарулы күштердің басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негізі жоқ 18-бен 27 жас аралығындағы 18 мыңнан астам ер-азамат толықтырады. Соның ішінде Қарулы күштерді 7 мыңнан астам, Ұлттық ұланды 6 мыңнан астам, ҰҚК Шекара қызметін 3 мыңнан астам, Төтенше жағдайлар министрлігін 3 мыңнан астам, Мемлекеттік күзет қызметін 80-нен астам адам толықтырады", - деді Бауыржан Артықов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте

Оның атап өтуінше, мерзімді қызметке әскерге шақыру және оның белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару қолданыстағы заңға сәйкес ұйымдастырылып, жүргізіледі.

"Әскерге шақырылуға тиісті ер-азаматтарды хабардар ету дербес шақыру қағазын жолдау арқылы жүзеге асырылады. Шақырту қағазы олардың тұрғылықты мекенжайына немесе жұмыс орындарына жеткізіледі. Бұл ретте осы процесті автоматтандыру мақсатында 2021 жылдан бастап әскерге шақырушыларды СМС-хабарлама жолдау арқылы хабардар ету жүргізілуде", - деді ол.

Фото: El.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл