Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда әскери қызметшілерге жылына бір рет пойызбен тегін жүруге рұқсат берілді
Жаңалықтар

Қазақстанда әскери қызметшілерге жылына бір рет пойызбен тегін жүруге рұқсат берілді

22.01.2026
мин
0
180
Сурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұлан

???? Ұлттық ұланда жаңа әлеуметтік жеңілдік таныстырылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне пойызбен тегін қатынау құқығын іске асыруға арналған кешенді іс-шара өтті.

Жиын барысында жеке құрамға жаңа әлеуметтік бастаманың мазмұны түсіндіріліп, оны өңірлерде тиімді жүзеге асыру тетіктері кеңінен талқыланды. ⏺Іс-шара аясында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасындағы барлық күштік құрылымдардың әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері жылына бір рет ел аумағында жолаушылар пойыздарымен тегін қатынай алатыны жөнінде нақты мәлімет берілді. Бұл бастама әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және олардың отбасымен бірге сапарлау мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Ақпараттандыру барысында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Тасымалдау экономикасы және есебі департаментінің бас менеджері Айнұр Базарбаева тегін жол жүру құқығы тек

Қазақстан ішіндегі бағыттарда қатынайтын жолаушылар пойыздарына қолданылатынын атап өтті. Сондай-ақ, аталған шығындар «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қаражаты есебінен өтелетінін түсіндірді. ❔Жиынға қатысқан «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ тариф саясаты департаментінің директоры Диас Түсіпбеков әскери қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, жеңілдікті пайдалану барысында туындауы мүмкін техникалық және ұйымдастырушылық мәселелерге тоқталды.

????Іс-шара қорытындысында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов бұл бастаманың маңызын атап өтті. Ол жобаны іске асыру барысында белгіленген талаптардың қатаң сақталуы қажеттігін айтып, аталмыш әлеуметтік қолдаудың әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға, демалысты алдын ала жоспарлауға және жол шығындарын едәуір азайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл