| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда автокөлік нөмірлерінің жаңа түсі пайда болады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда электрмобильдер үшін арнайы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін енгізуді көздейтін заңға қол қойды.
Мемлекет басшысы "цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Тиісті норма осы заңның 70-бабына енгізілген.
Жаңа үлгідегі мемлекеттік нөмірлердің түсі мен дизайны заңның өзінде көрсетілмеген, оларды ішкі істер министрлігі қосымша нормативтік-құқықтық актілер арқылы айқындайды. 2026 жылдың мамырында ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов министрліктің бұл мәселеде халықаралық тәжірибеге сүйенетінін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, электрмобильдердің мемлекеттік нөмірлік белгілері әлемдік жалпы қабылданған тәжірибеде жасыл түспен боялады.
Ұқсас белгілер Қытайда, Норвегияда, Канадада, Польшада және Беларусьте де қолданылады. Арнайы белгі электромбильді автоматты түрде, инспектордың қатысуынсыз және қосымша тексерулерсіз анықтауға мүмкіндік береді.