| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Отбасы банк басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова алдағы жылдары елімізде тұрғын үйге сұраныс жоғары деңгейде сақталатынын айтты. Оның сөзінше, демографиялық өсім жылжымайтын мүлік нарығына айтарлықтай ықпал етпек, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Банк басшысы жаңа отбасы құрылған кезде олардың басты мақсатының бірі — жеке баспана алу екенін атап өтті. Сондықтан 2000-2009 жылдары байқалған бэби-бумның әсері енді 2026-2027 жылдары тұрғын үйге деген сұраныстың артуына алып келеді.
Ибрагимованың пікірінше, осы факторлар тұрғын үй бағасының төмендеуіне мүмкіндік бермейді. Ең ықтимал сценарий бойынша, баға өсуін жалғастырады. Дегенмен нарықтағы жағдай әр сегментте әртүрлі болуы мүмкін.
Мәселен, екінші нарықтағы баспаналардың бағасы тұрақтап қалуы ықтимал. Ал бастапқы нарықтағы құн көбіне құрылыс материалдарының бағасына, сондай-ақ құрылыс саласындағы жұмысшылардың жалақысына байланысты қалыптасады.
Сондай-ақ басқарма басшысы қазіргі демографиялық жағдай мен қолдағы деректерді ескере отырып, алдағы уақытта баспана бағасының төмендеуі екіталай екенін атап өтті.